Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Ақтөбеге» қайта оралды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Ақтөбеге» қайта оралды

30 жастағы шабуылшы Абат Айымбетов туған клубы — «Ақтөбеге» қайта қосылды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айымбетов — «Ақтөбе» жанкүйерлеріне жақсы таныс есім. Ол 2013 жылы клубтың Қазақстан чемпионатындағы соңғы алтын медалін әкелген шешуші голдың авторы атанды. Кейін мансабында алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» сапында да ел чемпионы болды.

Шабуылшы шетелде де өнер көрсетіп, Ресейдің «Крылья Советов», Түркияның «Адана Демирспор» және Румынияның «Петролул» клубтарының намысын қорғады.

Абат Айымбетов «Ақтөбенің» жастар құрамасымен Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанып, негізгі команда сапында 100-ден астам матч өткізіп, 20-дан аса гол соқты.

Қазақстан ұлттық құрамасының тұрақты ойыншыларының бірі саналатын шабуылшы маңызды кездесулерде нәтижелі ойынымен көзге түсіп, бүгінде ұлттық құрама тарихындағы үздік төрт сұрмергеннің қатарына енген.