«Қызылжар» екі қазақстандық футболшымен толықты

«Қызылжар» екі қазақстандық футболшымен толықты

Петропавлдың «Қызылжар» клубы жартылай қорғаушы Димаш Серікұлы мен қақпашы Дулат Талыспаевтың команда сапына қосылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.

20 жастағы Димаш Серікұлы — «Тараз» футбол мектебінің түлегі. Ол Қазақстан Премьер-лигасында 11 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Ал Дулат Талыспаев Алматы футбол мектебінде тәрбиеленген. 2023 жылдан бері Данияның «ХБ Кёге» клубы жүйесінде өнер көрсетіп, кәсіби тәжірибе жинақтады.

Айта кетейік, қос футболшы да Қазақстан жастар құрамасының ойыншылары саналады.