Баходир Жалолов Дычкомен жекпе-жек өткізе ме?
Екі дүркін Олимпиада чемпионы, ауыр салмақтағы танымал өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізуді әзірге жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы боксшы өзбекстандық БАҚ өкілдеріне айтып берді. Жалолов қазір демалып жатқанын, әзірге жекпе-жекке қатысты ұсыныс түспегенін айтты.
Бұған дейін Жалоловтың жаттықтырушысы Толқын Қылышев Sports.kz порталының сұрағына жауап берген еді. Бапкерге Жалолов пен қазақстандық Иван Дычкоға қарсы кәсіпқой рингтегі ықтимал жекпе-жек туралы сұрақ қойылған еді. Ол Жалолов қазір бабында екенін және жеңіске жететінін айтқан болатын.
Айта кетейік, Иван Дычко кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, 13 нокаут жасаса, Баходир Жалолов та дәл осыншама жекпе-жек өткізіп және басым бөлігінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.