logo

Дычконың қарсыласы медициналық көрсеткіштер бойынша шеттетілді

Дычконың қарсыласы медициналық көрсеткіштер бойынша шеттетілді

Америкалық боксшы Крейг Льюис (15-8-1) қазақстандық Иван Дычкодан (14-0, 13 КО) жеңілгеннен кейін дисквалификация алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Флорида штатының атлетикалық комиссиясы Льюисті кез келген жекпе-жек пен спаррингтен 20 қыркүйекке дейін шеттеткен. Дисквалификация медициналық себептерге байланысты тағайындалған және бұл шара боксшының ауыр жеңілістен кейін тезірек қалпына келуіне көмектесуі керек.

Айта кетейік, Дычко қарсыласын нокаутқа жіберді. Жекпе-жек АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтті.