logo

Той тойлау басталады: министр боксшылардың босаңсып кететінін айтты

Той тойлау басталады: министр боксшылардың босаңсып кететінін айтты

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев лицензия алған бойда немесе жарыстан соң той тойлап кететін боксшыларды қатаң сынады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ведомство басшысы спортшылардың Олимпиада немесе Азия ойындарына аш бармайтынын, тиісінше нәтиже де төмен болатынын алға тартты.

Маржықпаев жолдама алған саңлаққа пәтер мен ақша сыйлайтын федерацияларды да сынға алды.

«Екі цикл бар. Бұлар – Азия ойындары мен Олимпиада ойындары. Боксшылар әлем чемпионатына барғанда үш алтын медаль алып келетініне сенімдімін. Дәл Ташкенттегідей. Сосын той тойлау, қыдыру басталады. Ханчжоуда соның салдарын көрдік. Лицензия алған бойда бәрі пәтер, бәрі миллиондаған ақша алады. Бәрі бар, аш емес», - деді министр.

Айта кету керек, Бокс федерациясы Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алған боксшыларға қомақты қаржылай сыйақы берген болатын.