Джалоловтың бапкері Дычкомен жекпе-жек туралы: Баходир қазақстандықты оңай жеңеді
Өзбекстандық боксшы Баходир Джалоловтың бапкері Тулкин Киличев қазақстандық Иван Дычкомен кәсіби рингтегі жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Өз мансабының шыңында Иван Дычко біздің жас әрі болашағы зор ауыр салмақтағы боксшымыз Джалоловты жеңді, ол сол кезде ғана ересектер санатына өткен болатын. Мен Дычкоға үлкен құрметпен қараймын және мұны ешқандай менсінбеушілікпен айтпаймын. Егер жекпе-жек өтсе, онда Дычко Джалолов үшін өтуге болатын қарсылас қана болады. Боксты түсінетіндер Джалоловтың қазіргі деңгейін жақсы біледі», — деді Киличев.
Айта кетейік, Дычконың 14 жекпе-жегінде 13 нокауты бар, ал Джалолов барлық 14 жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.