Грекия құрамасының бапкері Пойет: Пенальтиден соғылған гол ойынның тағдырын шешті
Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалдық плей-офф кездесуінде Қазақстанға қарсы матчына пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Sport24.gr сайтына сілтеме жасап.
«Біз ойыншыларымызды матчты қарқынды бастауды сұрадық. Дәл осындай матч тәжірибемізде болды, бұл ретте Литваға қарсы кездесу есімде, бізде финал болды, бірақ ол кезде біз гол соққан жоқпыз. Бірінші гол бәрін шешті. Біз пенальтимен жылдам есеп аштық. Екінші таймда біздің футболшылар сейсенбі күнгі ойынды (Грузияға қарсы - автор) ойлағандықтан қиындау болды. Мен футболшылардан одан көп сұрай алмадым.
Грузиямен матчқа келетін болсақ, менің ойымша, Грузия стилі бойынша Қазақстан сияқты үш қорғаушыдан тұратын жүйе бойынша ойнайды. Олар аталмыш ойында ерекше ойыншыға ие болады (Хвича Кварацхелия - автор). Біз үшін бұл қиын матч болады, бірақ оларғада оңайға соқпайды. Бұл ойыннан мен қарқындылықты күтемін, сондықтан біз жақсы дайын болуымыз қажет. Бізде ақталмаймыщ, жарақат жоқ, бәрі жақсы. Алайда кездесу алдында толқуды азайтуымыз керек. Бұл нағыз финал. Финалда жеңіске жету үшін біз сонда болуымыз керек, біз Грузияда боламыз», - деді тәжірибелі бапкер.