Қазақстан құрамасы Афинада жеңіліс тапты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекия құрамасынан ұтылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Афинада өткен ойында біздің құрама бірінші таймда төрт гол жіберіп алды. Екінші таймда Магомед Адиев бірнеше ойыншыны алмастырғаннан кейін, біздің құрамада қауіпті сәттер пайда бола бастады, алайда кезекті голды ойынның соңында алаң иелері соқты.
Ойынның қорытындысы 5:0. Өкінішке орай, Қазақстан құрамасы Еуроның финалдың кезеңіне жолдамаға мүмкіндікті жіберіп алды.
26 наурызда Грекия құрамасы Ұлттар лигасының финалында Грузиямен Еуро-2024 жолдамасы үшін таласады, ал Қазақстан құрамасы Люксембургпен жолдастық матчын өткізеді.