Грек-рим күресі: Дін-мұхамедке Олимпиада жолдамасына таласуға тағы бір мүмкіндік туды
Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік іріктеу турнирінде грек-рим күресінен Дін-мұхамед Қошқар жолдамаға таласуға тағы бір мәрте мүмкіндік алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
67 келіге дейінгі салмақта Рамаз Зоидзе (Грузия) мен Валентин Петик (Молдова) Парижге барар билетке қол жеткізді. Осылайша, ширек финалда грузин спортшысына есе жіберген Дінмұхаммед ертең соңғы 3-жолдамаға таласуға мүмкіндік алды.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Дін-мұхамед Қошқар ширек финалда қарсыласына жол беріп, жарыс жолынан шығып қалғанын жазған болатынбыз. Ол 1/4 финалында грузиялық Рамаз Зоидзедеге 4:9 есебімен есе жіберген еді.
Айта кетсек, грек-рим күресі балуандары осыған дейін Олимпиадының 4 жолдамасын жеңіп алған болатын.
87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов былтыр Сербияда өткен әлем чемпионатында қол жеткізсе, сәуір айында Бішкекте Айдос Сұлтанғали (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды.