Футболдан Қазақстан кубогы: «Атырау» мен «Тобыл» ширек финалға шықты
Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына «Атырау» және «Тобыл» командалары жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Өз алаңында «Қайсар» қостанайлық «Тобыл» командасынан 0:3 есебімен жеңілсе, «Атырау» «SD Family» командасын 6:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.
16:00-де «Жеңіс» пен «Астана», 18:00–де «Қайрат» пен «Тұран» командалары кездеседі.
Ал, 14 сәуірде 14:00–де «Тараз» бен «Ордабасы», «Оңтүстік академия» мен «Қызылжар», 16:00–де «Елімай» мен «Шахтер», «Ақтөбе» мен «Жетісу» ойнайды.
8 мамырда ¼ финал ойындары, ½ финал 29 мамыр мен 19 маусымда өткізіледі. Финал 29 қыркүйекке белгіленген.