«Тобыл» Қазақстан Кубогында қарсыласын ірі есеппен жеңді
Футболдан Қазақстан Кубогының 1/8 финалында қызылордалық «Қайсар» өз алаңында қостанайлық «Тобылмен» кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші таймда Ахмед Әл-Мессауди қонақ команданы алға шығарды, ал екінші таймның басында Радослав Цонев есепті ұлғайтты, кездесуге нүктені Әл-Мессауди қойды. Есеп 3:0 — Милич Чурчичтің шәкірттері сенімді жеңіске жетті.
Жарыстың жартылай финалдық ойындары 29 мамыр мен 19 маусымда өтеді.