«Ақтөбе» өз алаңында ұпай жоғалтты
Olimpbet QFL Премьер-лигасының 4-туры аясында «Ақтөбе» мен «Атырау» тең есеппен тарқасты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ақтөбеде өткен ойында есепті алаң иелерінің қорғаушысы Әділхан Таңжарықов ашты, алайда екінші таймда қосалқы құрамнан алаңға қосылған шабуылшы Николай Сигневич баспен дәл соққы жасап есепті теңестірді. «Атырау» сырт алаңнан бір ұпай иеленді.