logo

«Атырау» Қазақстан Кубогында жауапсыз алты гол соқты

«Атырау» Қазақстан Кубогында жауапсыз алты гол соқты

«Атырау» футболдан Қазақстан Кубогының 1/8 финалында елордалық «SD Family» командасымен ойнады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші таймда алаң иелері қарсылас қақпасына үш гол соқты, олардың авторлары Матеус Барбоса мен Фатхулло Олимзода атанды. Ойынның екінші жартысының басында Педро Еуженио дәл соққымен ерекшеленді, кейін Барбоса мен Педро Еуженио дубль авторлары атанды, тағы бір нәтижелі соққыны Никита Степанов жасады. Қорытынды есеп 6:0.

«Атырау» командасы Кубоктың келесі кезеңіне өтті. 

Турнирдің жартылай финалдық матчтары 29 мамыр мен 19 маусымда өтеді.