Евгений Яровенко: Еуропа чемпионаты арқылы Олимпиадаға іріктелу қиын
Кезінде КСРО құрамасының сапында Олимпиада чемпионы атанған жалғыз қазақстандық аяқдопшы Евгений Яровенко Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Қазақстан командасының Олимпиада Ойындарына өту мүмкіндігін бағамдады:
- Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде ең бірінші Олимпиадаға өткен Украина еді. Қазақстан құрамасы әлі күнге дейін неге Олимпиадаға іріктеуден әрі аса алмағанының себебін айту қиын. Бізде инфрақұрылым, алаңдар жеткіліксіз. Жоғары сападағы стадион, алаңдар болған соң, дайындық деңгейі де жоғарылайды. Сол кезде уақыт өте келе жағдай өзгеретін шығар. Бірақ қанша уақыт керек екенін айту қиын. Еуропа чемпионаты арқылы өту әлдеқайда қиын.
- QJ League пайда болғалы жас ойыншылардың осы мақсатқа жету мүмкіндігі артты деп ойлайсыз ба?
- Сөзсіз, бүінгі күні Freedom QJ League тек Қазақстанда ғана емес, Еуропадағы үздік жоба. Бұл ересектер футболына ауысудағы кезең. Қазір мықты мамандармен жұмыс істей отырып, жақсы қрпақ өсіріп келеміз. Бес-алты жылдан соң осы жігіттер Қазақстан құрамасында ойнайды.
Қазіргі уақытта Олимпиадаға бару мүмкіндігіне Азия елдерінің командалары таласуда. U23 Азия Кубогының барлық ойындарын тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.