logo

Қазір оған сенімділік жетіспейді: Нұрдәулетов Қазақстан құрамасының шабуылшысы туралы

Қазір оған сенімділік жетіспейді: Нұрдәулетов Қазақстан құрамасының шабуылшысы туралы

«Жетісу» командасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабектің ойынына баға берді.

– Жұмабекке кішкене уақыт керек. Қазір оған сенімділік жетіспейді. Абылайханға жиі ойнап, өзінің бабына келу керек. Сенімділік келген соң, голдарда келеді, - деді Қайрат Жұмабекұлы.

Өткен жексенбіде «Жетісу» Қазақстан чемпионаты аясында өз алаңында қарағандылық «Шахтердан» басым түсті – есеп 1:0. Кездесудің тағдырын пенальтиден нәтижелі соққы жасаған тәжірибелі ойыншы Серікжан Мужиков шешті.      



Күн шежіресі