Еуро-2024 турнирінің ең жас футболшысы жақындарына екі баспана сыйлады
«Барселона» футбол клубы мен Испания ұлттық құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль атақты Adidas компаниясымен 10 жылға келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Осы келісімшарттың арқасында футболшы екі үй сатып алып, оның біреуін әжесіне, ал екіншісін ата-анасына сыйлады.
Ламин Ямальдың Adidas компаниясымен жасасқан келісімшартының мөлшері 32 миллион еуроға жуықтайды. Сондай-ақ футболшының бұл келісімшарттан көрген пайдасының бір бөлігіне әжесіне, ата-анасына үй сатып алғаны жазылған.
«Кезінде оған ағасы жол-пұлына ақша беріп, Барселонаға жетіп алуы үшін барын жасаған. Ал бүгінде ер жетіп, есейген Ламин Ямаль «Барселонаның» ең төмен жалақы алатын ойыншыларының қатарында. Алайда клуб футболшының табысын одан әрі көтерген сайын ол өзінің отбасы мен жақындарына ерекше жағдай тудырып, қамқорлық танытатыны сөзсіз», - делінген Diario Sport материалында.
Өткен маусымында Ямаль «Барселона» сапында барлық турнирлерде 50 матчқа қатысып, 7 гол соғып, өз есебіне 10 нәтижелі пас тіркеді. Қазіргі уақытта Ламин Ямаль Еуро-2024 біріншілігінде Испания құрамасының белді ойыншысы ретінде жасындай жарқылдап, керемет ойын өрнегін көрсетіп жүр.