Футзалдан Чемпиондар лигасы «Төртеудің финал» турнирінде бас жүлдені сарапқа салатын командалар анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жартылай финалда алдымен «Бенфика» (Португалия) мен «Пальма» (Испания) командалары кездесті.

Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталып, пенальти тебуде испаниялық клуб жеңіске жетті.

Тағы бір кездесуде Испанияның «Барселонасы» Португалияның «Спортингін» 5:4 есебімен сүріндірді.

Енді 5 мамырда «Пальма» мен «Барселона» кездессе. 3-орын үшін «Бенфика» мен «Спортинг» шеберлік байқасады.

Чемпиондар лигасы 2001 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Былтыр Испанияның «Пальма» командасы жеңімпаз атанды.