logo

Аңызға айналған бразилиялық ойыншы 58 жасында мансабын қайта жандандырды

Аңызға айналған бразилиялық ойыншы 58 жасында мансабын қайта жандандырды

Бразилия құрамасы мен «Барселона» клубының бұрынғы шабуылшысы Ромарио Рио-де-Жанейроның «Америка» клубымен ойыншы ретінде келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

2009 жылы мансапты аяқтаған 58 жастағы Ромарио «Америка» сапында ресми матчтарда өзінің 30 жастағы ұлы Ромариньомен бірге ойнауды жоспарлап отыр.

Бразилия футболының аңызы жарыстарға тіркелген.

«Ресми түрде тіркелдім. Мен үшін қымбат «Америкаға» бірнеше матчта көмектесуге дайынмын және әрине, өз арманымды іске асырып, ұлыммен бірге алаңда ойнауды көздеймін», — деп жазды 1994 жылғы әлем чемпионы әлеуметтік желілерде.

«Америка» Рио-де-Жанейро штатының чемпионатының екінші дивизионында ойнайды.



Күн шежіресі