Бұрын-соңды мұндай нашар команданы көрмегем: Роналдинью енді Бразилияға жанкүйер болмайды
Бразилия құрамасы мен «Барселона» клубының бұрынғы шабуылшысы әйгілі Роналдиньо Бразилияның қазіргі құрамын қатаң сынады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Есте болса Рональдиньо 2002 жылы Бразилия құрамасымен бірге әлем чемпионы атанған.
«Жігіттер, жетеді, шыдамым таусылды. Бұл – бразилиялық футболды жақсы көретіндер үшін қайғылы жайт. Матчтарды көру уақыт өткен сайын қиындап барады. Меніңше, бұл – соңғы жылдардағы ең нашар команда. Онда беделді, көшбасшы ойыншылар жоқ, басым бөлігі орта деңгейлі футболшылар.
Мен футболды бұл салаға бет бұрмай тұрып, кіп-кішкентай кезімнен қарайтынмын. Бұрын-соңды мұндай нашар ахуалды көрген емеспін. Ұлттық құрама жейдесіне деген махаббаттың жоқтығына, биік рухтың жоқтығына, ең бастысы, әдемі футболдың жоқтығына куә болдық.
Өте өкінішті. Сондықтан Америка кубогының матчтарын көрмейтінімді және жеңісті тойламайтынымды мәлімдеймін», – деп жазды аңыз ойыншы.