logo

Эссьен «Тобыл» - «Елімай» матчына қатыспайды

Эссьен «Тобыл» - «Елімай» матчына қатыспайды

«Тобылдың» 26-жасар нигериялық жартылай қорғаушысы Эдедем Эдем Эссьен Премьер-лиганың 20-туры аясында өтетін «Елімаймен» матчқа қатыспайтын болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan KazFootball.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

19-турдағы «Атыраумен» (1:1) ойында Эдедем Эдем Эссьен осы маусымдағы төртінші ескертуін алды. Енді ол «Елімаймен» кездесуге шыға алмайды.

Барлығы осы чемпионатта Эссьен 16 матч өткізіп, 1 нәтиделі пасс берген.

Естеріңізге сала кетсек, бұл ойында қорғаушы Роман Асранкулов та алаңға шықпайды.



Күн шежіресі