logo

Александр Кержаков: Өткен жылы Ульшин негізгі құрамға кірмейтін еді, ал менімен ол ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енді

Александр Кержаков: Өткен жылы Ульшин негізгі құрамға кірмейтін еді, ал менімен ол ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енді

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Александр Кержаков Sports.ru сайтына берген сұхбатында оның қарамағында футболшылардың ашылуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

— Артқа оралсақ, жұмыста және команданы дайындауда ештеңе өзгертпес едім. Команданы маусым алдында жинамағанда, оның физикалық тұрғыдан қалай дайын екенін білмей біздің бапкерлік штаб өте жақсы жұмыс жасады деп ойлаймын. Көрсеткіш — нәтиже. Қазір «Қайрат» турнир кестесінде бірінші орында.

— Одан басқа қандай жұмыс атқарылды?

— Бапкер үшін тек нәтиже ғана құнды емес. Маған әр ойыншының жеке жетістіктері де маңызды — ойыншының жетілгенін көріп, ол процесске қатысқаным өте жақсы.

Мысалы, 24 жастағы жартылай қорғаушы Андрей Ульшин өткен маусымның соңында негізгі құрамда болмады, мен келгеннен кейін ол 6 матч қатарынан өткізді. Менімен Ульшин негізгі құрамның берік ойыншысы атанды, ал қыркүйек айында Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енді.

Ал қорғаушы Лука Гадрани мансабында алғаш рет Грузия құрамасына шақырылды. Сорокин келгенге дейін ол сол жақ орталық қорғаушы ролінде ойнады. Мен үшін бұл оның позициясы емес екені анық болды — ол оңқай футболшы, сондықтан оның әрекеттері сол жақта шектелді. Біз Гадраниді алаңның оң жағына жылжытып, Лука айтарлықтай жетістіктерге жетті.



Күн шежіресі