logo

Асхат Шахаров: Ақтөбеде жаңа стадион құрылысын 2026 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз

Асхат Шахаров: Ақтөбеде жаңа стадион құрылысын 2026 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Inform.kz сұхбатында қалада футбол стадионын салуға дайындық қалай өтіп жатқаны айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

— Стадион салу оңай емес. Үлкен қаражат қажет. УЕФА талаптары да ескерілуі керек. Бір жылға жуық уақыт бойы құжаттар, келісімдер дайындалды. Футболды дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Біз өз тарапымыздан инфрақұрылымды қолға алдық. Жақында футбол академиясы ашылды. Біз 6 жастан бастап балаларды іріктеп, академияға жібереміз. Жанкүйерлерге келетін болсақ, олар бізде белсенді. Стадион 13 мың көрерменге арналған болса да, билеттер жетіспейді. Сондықтан Ақтөбеде үлкен стадион қажет. Басында 30 мың орын туралы айтылды. Бірақ 35 мың орынға салынатын болады. Жоғары деңгейде ойындарды өткізуге мүмкіндік бар. УЕФА-мен келісім жасалды, футбол федерациясы да қолдау көрсетеді. Құрылыс мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жүргізілетін болады. Жоба бар, негізгі құжаттар дайын. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін компанияны анықтап, келесі жылы құрылысты бастаймыз. Бізде тәжірибелі компаниялар жоқ, сондықтан оны шетелдік мердігер салады. Технология бойынша құрылыс 1 жыл 8 айда аяқталуы керек. Ол 2026 жылы аяқталады деп жоспарлап отырмыз, — деді облыс басшысы.



Күн шежіресі