Рейес Уренья: Андрей Карпович — менің мансабымдағы ең мықты бапкерлердің бір
«Елімай» клубының жартылай қорғаушысы Рейес Уренья Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында, чемпионаттағы жалақы мөлшерімен бас бапкердің қолдауы жайлы айтты.
— Жазда не себепті «Елімай» командасын таңдадың?
— Отбасыма Қазақстанға көшуге шешім қабылдау қиынға соқты. Себебі, өткен айда менің қызым дүниеге келген болатын. Менің ойымша Қазақстанға келіп өнер көрсету дұрыс шешім.
— Сіз «Әл-Иттихад» командасында 6 кездесуде 5 гол соғып, жақсы нәтиже көрсеттіңіз. Клубта не себепті қалмадыңыз?
— Мен бұл командада жақсы маусым өткіздім. Ұжымға бірден бой үйреттім. Алайда, клубтың бас бапкері ауысты. Жаңа бапкер маған сенім артпады.
— Қазақстан чемпионатының деңгейі жайлы пікірің?
— Қазақстан чемпионаты — бәсекеге қабілетті лигалардың бірі. Еуропаның көптеген бөліктерінде ұсынылған бәсекеге қабілетті чемпионат.
— Сенің әлеуметтік желілеріңде жанкүйерлер сына көп. Қазақстанға келгеннен кейін саны артты ма?
— Шынымды айтсам, Қазақстанға келгеннен кейін әлеуметтік желілердеге жазушылар саны артқан жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
— «Ақтөбе» сапында жақын досыңыз Дорни Ромеро өнер көрсетеді. Ол чемпионат жайлы не айтты?
— Ол чемпионаттың бәсекеге қабілетті екенін айтты. Турнир кестесінің жоғарғы жағынан көрінсең, Еуропада ойнауға мүмкіндік бар деді. Жалпы команданың жалақы жағынан, басқада сұрақтар бойынша деңгейі жоғары деген пікірін айтты.
— Қазақстанда сіз өнер көрсеткен чемпионаттармен салыстырғанда жалақы мөлшері жоғары ма?
— Қазақстанда жалақыны жақсы төлейді. Алайда, деңгейі төмен болса да, жақсы жалақы төлейтін лигалар бар.
— Бас бапкер Андрей Карпович талап ететін футбол стилі ұнай ма?
— Андрей Владимирович — менің мансабымдағы ең мықты бапкерлердің бірі. Ол менің алаңдағы ойнау стилімді қалай пайдалану керектігін жақсы біледі. Маған қандай позицияда ойнау ыңғайлы екенін біледі. Бойымда бұрын соңды байқалмаған көптеген қасиеттерімді ашуға көмектесті. Мен қорғануды ұнатпайтын футболшымын. Ендігі кезекте бас бапкердің талабы бойынша шабуылмен, қорғанысқа бірдей қатысамын.