logo

Есбол Сұлтанов: Тунистегі шәкірттерім күнде хабарласады

Есбол Сұлтанов: Тунистегі шәкірттерім күнде хабарласады

Тунис еліне таеквондодан тарихи нәтиже әкелген және жақында ғана Халықаралық таеквондо федерациясымен жылдың үздік бапкері деп танылған Есбол Сұлтанов журналист Ақырыс Сейітқазы подкастында өзге елдегі жұмыстың ерекшеліктерін атап өтті, деп жазады Sport+

«Жаттықтырушының басты қаруы — көзі мен идеясы. Ерекшеліктерді көре білу маңызды. Байқағаным тунистіктердің мінезі және физикалық күші бар, тіпті қызуқанды. Бірақ тактикалық тұрғыда олқылықтар болды, сол бағытта көп жұмыс істедік. Әр нәрсенің сәті бар екенін түсінідіріп, жаттығудан тыс көп түсіндіріп, талқылап жүрдік. Физикалық мүмкіндіктер мен тактикалық сезіну теңескен кезде, шамамен сәуір айында спортшымыздың Олимпиада чемпионы атануына толық мүмкіндігі бар екені бізге түсінікті болды.  

Қазақстанда жүрсем де Тунис спортшылары күнделікті хабарласып тұрады. «Бізді ұлы болашақ күтіп тұр» деп арабтарға тән әсерлі сөздер жазады.

Тунис президенті де өз сөзінде мені атап өткен екен. Ол жақтың спорт басшылары жұмысты жалғастыруға шақыруда. Қазақстаннан бір жақты жауап болмаса, халықаралық мансабымды жалғастырамын. Бұған дейінгі келісім шартымның мерзімі бір жылға ғана еді», — деді Сұлтанов.