logo

Таеквондодан Қазақстан чемпионаты: Париж Олимпиадасының қатысушылары даянгқа шығады

Таеквондодан Қазақстан чемпионаты: Париж Олимпиадасының қатысушылары даянгқа шығады

Алматы облысы Шамалған ауылында таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+

Біріншілікке еліміздің барлық аймағынан 280 спортшы қатысуда. Жарыс нәтижесінде 2025 жылға Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.

Биыл чемпионаттың қатысушылары қатарында жастар санатынан енді ауысқан спортшылар аз емес, сонымен қатар әлемдік аренада сәтті өнер көрсетіп жүрген таеквондошылар да бар. Соның ішінде Париж Олимпиадасына қатысқан Самирхон Абабакиров пен Батырхан Төлеуғалиді атап өткен жөн.

Ел чемпионатындағы тағы бір оң өзгеріс – алғаш рет жекпе жектерде шетелдік мамандар төрелік етеді: Ресей, Моңғолия, Өзбекстан , Тәжікстан, Қазақстаннан, барлығы 26 төреші.

Қазақстан чемпионатының бағдарламасы:

19 қараша: ерлер (58 келі, 74 келі, 80 келі), әйелдер (46 келі, 62 келі, 73 келі)

20 қараша: ерлер (54 келі, 68 келі, +87 келі), әйелдер (49 келі, 67 келі)

21 қараша: ерлер (63 келі, 87 келі), әйелдер (53 келі, 57 келі, +73 келі)

Таеквондодан Қазақстан чемпионатын тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан және Sport+ сайтынан тамашалай аласыздар.