Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі
Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жүлдені Нұрали Махмут иеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдені иеленді.
Финал жекпе-жегінде Махмут ирандық Сина Мохтарамиден жеңілді, тиісінше Мохтарами «алтын» алды.
Үшінші орынды ресейлік Азат Бесаев пен Қытайдан келген Хаожань Тан бөлісті.
Айта кетелік, бұған дейін аталған додада Нұрай Қазнабек те күміс жүлде иегері атанған болатын (59 келіге дейінгі салмақта).