logo

Қазақстандық пара таеквондошылар Кореяда өткен ашық чемпионатта жеңіске жетті

Қазақстандық пара таеквондошылар Кореяда өткен ашық чемпионатта жеңіске жетті

Қазақстандық спортшылар G4 деңгейіндегі ашық рейтингілік чемпионатта екі алтын және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әйелдер арасында 57 келі салмақ дәрежесінде Камиля Досмалова алтын медаль иеленді. 65 келі салмақ дәрежесінде Марьям Салимгереева қола медаль алды.

Ерлер арасында 80 келі салмақта Жанболат Казиев алтын медаль иеленді, ал 80 келіден жоғары салмақта Алишер Гариполлаев қола медаль алды.

Чемпионат 5 шілдеде Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтті.