«Ертіс» жаттығу жиындарын бастады
Павлодардан қайта жанданған «Ертіс» өз жиынын Шымкентте бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Екінші лиганың қатысушысы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын бастады. Бірінші жиын Павлодарда, жабық манежде өткен болатын.
Команданың бас бапкері болып 34-жасар қазақстандық маман Сергей Якушин тағайындалды. Командаға тек жергілікті түлектермен ойнап, Бірінші лигаға шығуға мақсат қойды.
Шымкенттегі ОЖЖ-да «Ертіс» төрт бақылау матчын өткізеді. Қарсыластары «Түркістан» (17 ақпан), «Ордабасы М» (21 ақпан), «Ақжайық» (23 ақпан) және «Тараз» (28 ақпан) болмақ.