«Астана» француздық ойыншымен келісімшартты ұзартты
Елордалық «Астана» 31 жасар жартылай қорғаушы Фабиен Урегамен келісімшартты ұзартқаны туралы жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Хавбекпен жаңартылған келісім 2024 жылдың соңына дейін жарамды және оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар.
Урега 2023 жылдың ақпан айында «Астананың» ойыншысы атанып, барлық турнирлерде 39 матч өткізіп, бір гол және төрт ассист жасады.