«Тұран» ресейлік қорғаушы алдындағы қарыздарын өтеді
Түркістандық «Тұран» ресейлік қорғаушы Александр Клещенконың алдындағы қарызын толық көлемде өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы «Честность – не порок» телеграм арнасы хабарлады.
Клещенко 2022 жылдың басында «Тұранға» ауысып, түркістандықтар үшін 11 матч өткізді. Сондай-ақ, Қазақстанда қорғаушы «Ордабасы» мен «Тобыл» сапында ойнады.