«Ертіс» «Ордабасы» түлегімен келісімшарт жасасты

«Ертіс» «Ордабасы» түлегімен келісімшарт жасасты

«Ертіс» футбол клубы 22 жастағы жартылай қорғаушы Зикрилло Сұлтаниязовпен еңбек келісімшартына қол қойылғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ павлодарлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зикрилло Сұлтаниязов Шымкент футболының түлегі, кәсіби мансабын 2020 жылы «Ордабасы» жастар құрамында бастап, 2021 жылдың сәуір айында Қазақстан Премьер-лигасында негізгі команда сапында дебют жасады. Сол жылы алғаш рет Қазақстан Кубогы матчында өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасында ойнаған.

Өз мансабында Сұлтаниязов «Ордабасы» сапында Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды (2022), ал 2024 жылы «Оқжетпеспен» бірге Бірінші лиганың алтын жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ «Тұран» клубының намысын қорғады. «Ертіске» ауысқанға дейін соңғы екі маусымда «Ордабасы» сапында өнер көрсетті.



Күн шежіресі