Қазақстан U17 құрамасы Әзербайжанды сырт алаңдағы жолдастық матчта тағы да жеңді
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Габала қаласында өткен сырт алаңдағы кездесуде Әзербайжан құрамасын екінші рет қатарынан жеңіп, өз басымдығын тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Sport+.
Матч тағдыры кездесудің соңғы минуттарында шешілді. Нұрали Сәлімовтың нәтижелі пасынан кейін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Тамерлан Сарсымбаев дәл соққымен көзге түсіп, командасына 1:0 есебімен еңбекпен келген жеңіс сыйлады.
Еске сала кетейік, 6 маусым күні өткен алғашқы жолдастық кездесуде қазақстандық жасөспірімдер ерік-жігер танытып, 5:2 есебімен ірі жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Русланжан Раимбакиев шәкірттері Әзербайжан құрамасына қарсы өткен қос жолдастық матчты да жеңіспен аяқтап, жүз пайыздық нәтиже көрсетті.