logo

«Елімай» Украина ұлттық құрамасының қақпашысымен толықты

«Елімай» Украина ұлттық құрамасының қақпашысымен толықты

«Елімай» украиналық қақпашы Максим Ковальмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Украиналық - запарожьелік «Металлургтің» түлегі. Максим киевтік «Динамо», «Говерла», даттық «Оденсе», испаниялық «Депортиво», сауд арабиялық «Әл-Фатех» және молдовалық «Шериф» клубтарында өнер көрсеткен.

Сонымен қатар, ол Украина Кубогінің иегері, Молдова біріншілігі мен Кубогінің жеңімпазы. 31-жасар футболшы Украина ұлттық құрамасы сапында 2012 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан.

Коваль «Елімайға» грекиялық «Арис» клубынан еркін агент ретінде ауысты.