logo

«Елімай» жанкүйерлерінің әрекеті үшін айыппұл төлейтін болды

«Елімай» жанкүйерлерінің әрекеті үшін айыппұл төлейтін болды

«Елімай» жанкүйерлерінің тиісті емес әрекеттері үшін Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысының қорытындысы бойынша айыппұл төлеуге мәжбүр болады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Клубқа 3-ші турдың «Атырау» командасына қарсы өткен Кубок Лигасы матчында жанкүйерлердің трибунада түтін шашкаларын қолданғаны үшін айыппұл салынды. Айыппұл көлемі 40 АЕК, яғни 147 680 теңгені құрайды.

«Елімай» сол матчты «Атырау» командасына қарсы 3:0 есебімен жеңіп шыққан болатын.