«Елімай» Конференциялар лигасының екінші кезеңіне өте алмады

«Елімай» Конференциялар лигасының екінші кезеңіне өте алмады

«Елімай» өз алаңында Арменияның «Алашкерт» командасын жеңе алмады, деп хабарлайды Sport+.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Бұл — бір апта бұрынғы алғашқы кездесудегі есептің дәл қайталануы.

Қосымша уақытта Илич алаң иелерін алға шығарды. Алайда армениялық команда көп ұзамай таразы басын қайта теңестірді.

Матчтан кейінгі пенальтилер сериясында қонақтар дәлірек өнер көрсетті.

Осылайша, «Елімай» да «Астана» секілді Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өте алмады.

«Елімай» — «Алашкерт» (Ереван, Армения) — 2:2, пенальтилер сериясы — 5:6
(алғашқы матч — 1:1)

Голдар: Акмаль Бахтияров 11, Хрове Илич 96 (пенальтиден) — Момо Туре 4, Игор Габриэль 120+1 (автогол).



Күн шежіресі