«Астана» Конференциялар лигасындағы өнер көрсетуін аяқтады
«Астана» футбол клубы УЕФА Конференциялар лигасы іріктеу кезеңінің бірінші айналымындағы қарымта матчта албаниялық «Динамо» командасына есе жіберді, деп хабарлайды Sport+.
Астаналықтар Бауыржан Исламханның пенальтиден соққан голының арқасында есепте алға шықты. Алайда екінші таймның басында алаң иелері бір ойыншыға кем қалып, мұны қонақтар тиімді пайдаланды.
Қосымша уақыттан кейінгі кездесудің қорытынды есебі — 4:1, «Динамоның» пайдасына.
«Астана» – «Динамо Сити» (Тирана, Албания) – 1:4 (алғашқы матч – 1:0)
Голдар: Бауыржан Исламхан 23 (пенальтиден) – Бруно Дита 50 (пенальтиден), Хекуран Бериша 62, Лоренко Вила 93, Мустафа Кома 120+4.
Қызыл қағаз: Кипрас Казуколовас 49.