«Елімай» «Атырауды» жеңіп, Лига кубогының жартылай финалына шықты
Лига кубогының үшінші турындағы «Елімай» мен «Атырау» ойнында семейліктер 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport PLus Qazaqstan.
Семейліктердің алғашқы голын Жан-Али Пайруз соқты, ал оның командаласы Шина пенальтиден екінші голды енгізді. Ал жеңіс голды Даниил Пенчиков салды.
Бұл жеңіс «Елімайға» Лига кубогының жартылай финалына шығуға мүмкіндік берді.