Берік Айтбаев «Жеңіс» клубына ауысты
33 жасар қазақстандық қорғаушы Берік Айтбаев елордалық «Жеңіс» құрамына қосылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы өз Telegram-арнасында команданың директоры Айдын Қожахмет мәлімдеді.
Жақында ғана Берік Айтбаев «Елімай» құрамынан кеткен болатын. Бұған дейін қорғаушы «Тараз», «Атырау», «Ақтөбе» және «Ертіс» командаларының сапында ойнаған.
Қазақстан Премьер-лигасында ойыншының есебінде 167 матч және 4 гол бар.