Қазақстан чемпионатының 14-туры аясында екі матч өтті
13 шілде күні OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының он төртінші туры басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қарағандыда «Шахтер» мен «Жетісу» кездесіп, жеңімпазды анықтай алмады – 0:0. Қызылордада «Қайсар» «Елімайдан» басым түсті 2:1.
Қызылордалықтардан гол соққандар Айбар Жақсылықов пен Горан Милойко, «Елімай» сапында ерекшеленген - Шина.
14 шілде күні «Қайрат» - «Жеңіс» матчы өтеді. Қалған ойындар клубтардың еурокубоктарға қатысуына байланысты кейінгі шегерілді.