Египет құрамасының бұрынғы футболшысы «Жеңіспен» қош айтысты
Елордалық «Жеңіс» 30-жастағы мысырлық жартылай қорғаушы Александр Якобсеннің кететінін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
«Жеңіс» футбол клубы мен Александр Якобсен арасындағы келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.
Александер елордалық жейдесінде 6 матч өткізіп, 3 сары қағаз алды.
2017 жылы Якобсен Того құрамасына қарсы жолдастық кездесуде Египет құрамасында бір ойын өткізді.