Донецкілік «Шахтердің» түлегі қарағандылық клубқа ауысты
Қарағандылық «Шахтер» украиналық жартылай қорғаушы Максим Драченкомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Максим украиналық «Шахтер» (Донецк), «Олимпик» (Донецк), «Звезда» (Кропивницкий) және қазақстандық «Қызылжар» (Петропавл), «Оқжетпес» (Көкшетау) клубтарында өнер көрсеткен.
Жаңа команда да Максим 7-ші нөмірде өнер көрсетеді.