logo

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын еліміздің әйелдер құрамасы анықталды

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын еліміздің әйелдер құрамасы анықталды

Дзюдодан 19-24 мамырда Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әлемдік додада еліміздің атынан алты салмақта жеті балуан бақ сынайды. Олардың қатарында Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева (48 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Екатерина Токарева (70 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) татами төрінде тартысқа түседі.

Әлем чемпионатында 90-нан астам елден 460-тан астам балуан келеді деп жоспарланған.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордада Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі мәресіне жетті.



Күн шежіресі