logo

Душанбеде Гранд слэмнің соңғы күні

Душанбеде Гранд слэмнің соңғы күні

Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінің соңғы күнінде қазақстандық Камила Берліқаш жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтемей жасай отырып.

78 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан Камила жарысты екінші айналымнан бастап, Украина мен Оңтүстік Корея спортшыларын ұтты.

Жартылай финалда Берліқаш польшалық Кинга Вольцшакпен белдеседі. 

Ал бүгін сынға түскен Ислам Бозбаев пен Нұрлыхан Шархан (екеуі де 100 келі) екінші айналымда ұтылса, Дидар Хамза (90 келі) жұбаныш белдесуінде Грекия спортшысына есе жіберді. 

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы турнирді 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтағалы отыр.