Қазақстандық семсерлесушілер Алжирдегі әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
15-18 қазан аралығында Оран қаласында (Алжир) семсерлесуден әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық жарыста Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды.
Ерлер арасындағы сабля бәсекесінде Артур Чупраков, Қуаныш Ерғашбай, Артем Саркисян және Назарбай Саттархан бақ сынайды.
Ал әйелдер арасында Карина Доспай, Анастасия Гулик және Әйгерім Сарыбай өнер көрсетеді.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар жекелей және командалық сайыстарда жүлдеге таласады.