Дэвид Моррелл: Менің назарым жекпе-жекте, ал Бенавидес басқа нәрсеге назар аударуда

АҚШ елінің өкілі Дэвид Бенавидес (29-0, 24 КО) және кубалық Дэвид Моррелл (11-0, 9 КО) арасындағы тамаша жекпе-жекті 2 ақпанда Қазақстан уақытымен таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) өткізеді. Бұл текетіресте WBA Regular және WBC Interim белбеулері сарапқа салынады, деп хабарлайды Sport+.
PPV.com сайтына берген сұхбатында Моррель Бенавидес арасындағы жекпе-жек қарсаңында соншалықты ашуланшақтық пен жеккөрушілік болғанын қаламайтынын мәлімдеді:
«Мен өзім үшін ғана айта аламын. Жеке менде ашулануға уақыт жоқ. Оны ашуландыруға да тырыспадым. Мен осындай тұлғамын. Мен жекпе-жекке назар аударамын. Ал оның назары басқа нәрседе. Ол зұлым. Үнемі зұлым, үнемі жаман жүзбен жүреді. Ал мен әрдайым күлімсіреп жүремін. Өйткені мен әрқашан осындаймын»
Жекпе-жекті тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көруге болады. Текетірестің басталуы елорда уақытымен сағат 6:00–де.