Азиада-2026: дзюдошы Әділет Алмат күміс жүлде иеленді
Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың финалында жапониялық Сотаро Фудзиварамен күресті. Нәтижесінде жапониялық балуан жеңіске жетті.
Ал Әділет Алмат дзюдодан Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші күміс медальді салды.