Давид Лория: Астанада футбол инфрақұрылымы бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда
Астана қалалық мәслихатының депутаты Давид Лория Sport Plus Qazaqstan телеарнасына сұхбатта қаладағы футбол дамуын сөз етті:
«Бас қалада футбол инфрақұрылымын жасау бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Бірнеше жылдан кейін Астана Қазақстанның футбол орталығына айналады деген үміттемін. Кәсіби футбол үшін де, бұқаралық спорт үшін де біраз жұмыс жасалады. Елордада футбол ойнайтын балалар көп болғандықтан, бұл өте маңызды мәселе. Астанада футбол өмір сүруде, «Астана» мен «Жеңіс» клубтары бар, соңғысы 60-жылдық мерейтойын тойламақ. Сонымен қатар, балалар жаттығатын жеке клубтар да жетерлік. Инфрақұрылымды реттесек, Астана футболы серпіліс алып, ғұмырлы болары анық»