Даулы беделімен танымал «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы ҚХЛ-да жаңа клуб тапты
Канадалық шабуылшы Майкл Маклауд осы маусымның соңына дейін Омбының «Авангард» клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport+.
26 жастағы шабуылшыға қызығушылықты Қазанның «Ак Барс» клубы да танытқан болатын. Бұл туралы команданың бас бапкері Анвар Гатиатулин мәлімдеді.
2024 жылдың 18 қазанында Маклауд Қазақстанның «Барыс» клубынан екі жақты келісім бойынша кеткен еді. Осы маусымда ол 16 матч өткізіп, үш шайба соғып, үш нәтижелі пас берген.
Еске сала кетейік, 24 матчтан кейін «Авангард» Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында 20 ұпай жинап, турнирлік кестенің 10-орнында тұр.