logo

«Барыс» «Нефтехимиктен» есе қайтарды

«Барыс» «Нефтехимиктен» есе қайтарды

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport +.

3 күн бұрын өткен екі команда арасындағы тағы бір кездесуде елордалық клуб қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберген еді.

Бірінші кезеңде екі команда жылдам гол соғуға күш салды. Дегенмен, ойыншылар тарапынан дәлдік жетіспей жатты. Кездесудің 18-минутында «Барыс» хоккейшісі Әлихан Өмірбеков мергендік танытты.

Екінші кезеңде қос команда да өз мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Нәтижесінде таблодағы есепте өзгеріс болмады.

Екінші кезеңнің 41-минутында «Нефтехимик» сапынан Жан-Себастьен Ди таразы басын теңестірді.

Ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, овертаймға ұласты. Овертаймда Кирилл Панюков жеңіс шайбасын соғып кетті.

Осылайша елордалық клуб аталған қарсыласынан өткен кездесудегі жеңілісінің есесін қайтарды.
Енді елордалық клуб алдағы екі ойынын сырт айдында өткізеді.

Алдымен 15 қарашада «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен кездессе, 17 қарашада «Сочимен» шеберлік байқасады.



Күн шежіресі