logo

«Барыс» бірде-бір гол соқпаған легионерді 55 миллион теңге өтемақымен шығарып салды

«Барыс» бірде-бір гол соқпаған легионерді 55 миллион теңге өтемақымен шығарып салды

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы америкалық шабуылшы Си Джей Смитпен қоштасты, деп хабарлайды Sport +.

Ол биылғы маусымда денсаулығына байланысты біраз ойынға қатыса алған жоқ. Тек 9 матчқа қатысып, бірде-бір гол соққан жоқ. Тіпті, нәтижелі пас та бермеген.

«Трансферы КХЛ» telegram арнасының жазуынша, клуб америкалық хоккейшімен келісімшарт бұзғаны үшін 50 миллион теңге өтемақы төледі.